ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

Қалалық «Бастау 2016» турниры өтті

Опубликовано 24.10.2016.

23.10.2016 Семей қаласы бойынша мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында «Бастау 2016» пікір сайыс турниры өтті.  Қазақ инновациялық  гуманитарлық – заң университеті ректорының қолдауымен, кәсіптік бағдар беру орталығы және «Асыл арна» дебат клубының ұйымдастыруымен өткен мектеп аралық турнирға 18 команда, 50 ден астам оқушы қатысты. Мектеп лигасының дәстүріне сай әдемі турнир болды. Семей мектеп лигасының қатары жас, потенциялы жоғары пікірсайысшылармен толықты.

Қаламыздың  №16, 22, 37, 31, 32, 47 мектептерінен келген жас пікірсайысшылар «Менің болашақ мамандығым», «12 жасқа толмаған жасөспірімдердің смартфонды пайдалануы» тақырыптарына қызу пікір алмасты, қызықты ойын көрсетті.

Бүгінгі жемісті, жеңісті күннің нәтижесі келесідей:

1 орын – “Интеллигент” фракциясы(22 мектеп-лицейі)
2 орын- “Дарын” фракциясы (31 мектеп)
3 орын-“Хан Тенгри” фракциясы (32 мектеп)
Үздік талпыныс-“Арсон” фракциясы (47 мектеп)
ЛД чемпион-Желпаков Сержан (31 мектеп)
Лд финалист-Тұрсынова Гүлім (32 мектеп)
“Ең үздік оқушы тренер”-Тұрысбекова Бинұр (22 мектеп-лицейі)
Барлық жеңімпаздар КазГЮИУ  ректоры Шырын Асылханқызы Құрманбаеваның атынан диломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

irnulow9lai