Жаңалықтар

КазГЮИУ-де академиялық ұтқырлық

Опубликовано 24.10.2016.

2016 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің шешімімен, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге арналған, 2016-2017 оқу жылының бір академиялық кезеңіне  арналған  мемлекеттік грант иегері атанды.

2016 жылдың 24-30 маусым  аралығында шетелге оқуға бағыттау аясында өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша 6M020500 филология мамандығының 1 курс магистранты Муратканулы Нуржан жеңімпаз атанып, КазГЮИУ-дің серіктес оқу орны Поль Валери Монпелье 3 университетіне (Франция, Монпелье қаласы)  2016-2017 оқу жылының  бірінші семестріне оқуға жіберілді.

Бүгінгі күнде Нұржан Поль Валери Монпелье 3 университетінде өтетін қоғамдық , әлеуметтік, ғылыми іс-шараларға белсене қатысып, өз біліктігін жан-жақты көрсетуде.