ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Хабарландыру!

Опубликовано 26.10.2016.

Хабарландыру

Құрметті студенттер!

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  Еуропадағы серіктес  жоғары оқу орындарында 2016-2017 оқу жылының 2  семестріне, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

  1. Бағдарламаға қатысушы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бакалавриат, магистратура немесе докторантура студенті болуы тиіс;
  2. Студент міндетті түрде бір академиялық оқу жылын бітіруі қажет.

Іріктеу кезеңі келесі көрсеткіштер бойынша өткізіледі:

  1. Орташа оқу үлгерімі;
  2. Ағымдағы академиялық оқу кезеңінің көрсеткіші;
  3. Студенттің ғылыми жетістіктері.

 Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша оқуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210 формасы бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік немесе ұлттық паспорт көшірмесі;
  3. Ұсыныс хат;
  4. Алғыс хат, мадақтама, сертификат, диплом көшірмелері;
  5. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат (IELTS,TOEFL,HSK);
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У формасындағы медициналық анықтама.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 15 қарашасы, сағат 17.00 дейін

Толық ақпаратты алу үшін:

Білім бағдарламаларын  интернационалдау орталығы

Ленина көшесі 11,Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Мусабаева Аяулы

Тел. 8(722)2360363(ішкі нөмір 124)

Ұялы тел.87076591275