ЖаңалықтарЖастар Саясаты ОрталығыСерпін

«Болашақтың мамандығы қандай?» «Серпін 2050» жастары пікір – сайыс алаңында

Опубликовано 28.10.2016.

22.10.2016 ж. КазГЮИУ студентер үйінде жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттер арасында «Болашақтың мамандығы қандай?» тақырыбында дебат ойындары өтті.

Пікір – сайыс ойындарының мақсаты студенттердің бойынан шешендік өнер, ораторлық қабілет және көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуді шыңдау болып табылады. Университетімізде 4 мамандық бойынша білім алып жатқан «Серпін 2050» жастары тиісінше 4 топқа бөлініп «Болашақтың мамандығы қандай?» тақырыбында пікір – таластырды. Өз ойларын еркін жеткізе білген спикерлер, оқып жатқан мамандықтарының болашаққа қажет екенін әрі қызықты тұстарын түрлі ақпараттармен  көрсете білді.

Ойын қорытындысы бойынша пікір – сайыс ережесін жақсы сақтап, шешендік өнерлерін айқын көрсете білген «Электроэнергетика» мамандығының тобы 1 орын алса, «Биотехнология» мамандығының студенттері 2 орын, ал «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының тобы 3 орынға ие болды.