Жаңалықтар

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының Басшысы КазГЮИУ ғалымдарының аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді

Опубликовано 01.11.2016.

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының Басшысы Жампеисов Думан Әбілтайұлы және Жампеисов Дәурен Әбілтайұлы ғалымдарының аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс, әрі қарай тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Құттықтаймыз!

КазГЮИУ стратегиялық даму жөніндегі проректор, философия докторы (PhD) Жампеисов Д.А. және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жампеисов Д.А. «Алтай Invest 2016» халықаралық инвестициялық форумын ұйымдастыру мен өткізуге үлен жәрдем көрсетті, атап айтатын болса, Қазақстанда аналогы жоқ – «Қазақстанның аймақтық дамуы» атты Еуропалық одақтың жобасы аясында «Мүдделі инвесторларды қолдау үшін Қазақстандағы туризм саласындағы жеңілдіктер мен преференцияларды алу тетіктері сипатталған Басшылық» атты құрал әзірленді.
Осы құрал 2016 ж. 20-21 қазанда әлемнің 14 елінен келген 300 делегаттан астам қатысқан жоғарыда аталған форумда таныстырылды. Олардың ішінде Ауғанстан, Болгария, Испания, Италия, Канада, ҚХР, АҚШ, Словакия, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша, Тәжікстан, Түркия, Чехия елдерінен келген дипломатиялық корпустың өкілдері мен инвесторлары, қаржы институттарының өкілдері.
Құрал орыс, ағылшын, қытай тілдеріне аударылып әлемнің 14 елінің өкілдеріне, ҚР инвестициялар және даму министрлігіне, облыс әкімдеріне берілді.
Оған қоса осы құрал ШҚО әкімі Д. Ахметовпен ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларында ұқсас құралдарды әзірлеуге негіз ретінде бекітілді.
Осы құрал аймаққа инвестициялар тартуға және Қазақстан Республикасында бизнестің дамуына өз үлесін қосатынына сенімдіміз.