ЖаңалықтарЖастар Саясаты ОрталығыСерпін

Бурабайда «Серпін 2050» жастарына республикалық семинар ұйымдастырылды

Опубликовано 02.11.2016.

25 – 26.10.2016 ж. Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Discovery» демалыс базасында «Серпін 2050 Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттерге республикалық семинар ұйымдастырылды.

Сұлулығына көз тоймайтын, Бурабайдың баурайында ұйымдастырылған семинарға еліміздің Жоғары оқу орындары мен колледждерінің 150 – ден астам «Серпін» көшбасшылары жиналды. КазГЮИУ тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың м.а. Р.Садықованың жетекшілігімен 1курс студенттері Умирзакова Сандуғаш пен Кенжаев Абзал аталмыш семинарға қатысты.

Семинардың салтанатты отырысына жоба авторы, қазіргі таңда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов жастарды құттықтай отырып, жоба аясында өтетін жаңа жобаларымен таныстырды.

P.S: Қызықты студенттік өмір, КазГЮИУ-дың бізге берер зор мүмкіншіліктері, тамаша табиғат, жаңа достар, мотивация, біз керемет әсер алдық! – дейді студенттеріміз.