ЖаңалықтарЖастар Саясаты ОрталығыСерпін

КазГЮИУ Студенттер үйінде «Үздік бөлме» сайысы өтті

Опубликовано 04.11.2016.

02.11.2016 ж. КазГЮИУ Студенттер үйінде «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттер арасында «Үздік бөлме» сайысы болып өтті. Сайыс ережесі бойынша тұрғындар бөлме тазалығы, бөлмені кез келген тақырыпта безендіру және Студенттер үйінің ішкі ережелері туралы сұрақтарға жауап беру сындарынан өтті. Қызыққа толы кеш жастардың көңілін сергітіп тастады. Сайыс қорытындысы бойынша Ибрагимова Мунира, Омар Арайлым, Мырзахметова Айнагүл  есімді тұрғындардың 305 – бөлмесі «Үздік бөлме» атанды.

Іс – шараның мақсаты студенттер үйі тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау және сайысқа қатысушы студенттердің мысалында қалған тұрғындарға үлгі көрсету болып табылады.