ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

Студент жастар театры 2016

Опубликовано 04.11.2016.

2016 жылдың 1 қарашасында Қалалық Мәдениет Сарайында Семей қаласы Ішкі саясат бөлімі қолдауымен, «Қазақстан жастарын қолдау» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Студент жастар театры – 2016» қалалық байқауы ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен ділімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, жас өнерпаздардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға қаламыздың ЖОО мен Орта арнаулы оқу орындарының 7 студент жастар театрлары қатысты. Байқау барысында қазіргі заман және қоғам өмірі тақырыбындағы пьесаларына басымдық берілді.

Университетіміздің «Үркер» студенттік театры бұл сайысқа белсене қатысып, өмірдің сан қилы оқиғаларынан алынған «Тастанды бала» қойылымын көрсетті.

Сахна мәдениеті мен актерлік шеберліктерін таныта білген біздің студенттер, әділқазы алқасының шешімімен жүлделі 2 орынға ие болды.

Құттықтаймыз «Үркер!»

img-20161102-wa0002-1