Жаңалықтар

Халықаралық «Аға эксперт қызметі» (Германия,Бонн қаласы) SES-пен ынтымақтастық белсенді жалғасуда.

Опубликовано 07.11.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті үш жыл аралығында Халықаралық аға эксперт қызметі (Германия, Бонн қаласы)  «SES»-пен ынтықмақтастығын дамытуда. 2014 жылы аталған халықаралық қызметі мен КазГЮИУ арасында студенттер мен оқытушыларға сабақ жүргізу мақсатында әр түрлі  саладағы экперттерді шақыру үшін келісімшартқа қол қойылды.

Петер Штрубен филология мамандығының эксперті және шет тілін оқыту әдістерінің маманы.  Аталған бағдарлама көптілдік білім бағдарламасын дамытуға бағытталған.

Петер Штрубен  шет тілі мамандығының оқытушыларына шет тілін оқытудың әдістері бойынша арнайы сабақтар және ағылшын тілі сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар, ағылшын тілі курстарына қатысушы студенттерге және гуманитарлық факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттеріне бір ай көлемінде сабақ жүргізуі жоспарланған.