Жаңалықтар

КазГЮИУ-ға академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2016-2017 оқу жылына грант бөлінді.

Опубликовано 07.11.2016.

КазГЮИУ  студенттері мен магистранттарына  2016-2017 оқу жылына академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім гранты берілді.

Аталған бағдарлама бойынша мемлекеттік білім тапсырысымен оқитын студенттер үшін  екінші семестірде еуропалық серіктес оқу орындарына  оқуға баруға мүмкіндік пайда болды.  Студенттердің жол ақысы, визасы, тұратын жері, оқу ақысы және медициналық анықтамасы мен барлық шығындар мемлекеттік грант есебінен төленеді.

Бағдарлама қатысушылары конкурс негізінде таңдалады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 15 қарашасына дейін. Бағдарламаға қатысу және құжаттар туралы http://www.kazguiu.kz/ru/2016/10/26/obyavlenie-3/  -тан көруге болады.