Жаңалықтар

КазГЮИУ заң факультеті командасының кезекті жеңісі

Опубликовано 08.11.2016.

2016 жылдың 4 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 25 жылдылығына арналған ҚР ШҚО ЖОО және ОАОО студенттері арасында 4 рет қылмыстық және азаматтық істер бойынша оқу-танысу сот процесі КазГЮИУ заң факультетінің керегесінде өткізілді.

Сайысты ұйымдастырушылар: «ҚР ШҚО Ішкі Саясат басқармасының» қолдауымен «Жас заңгерлер одағы» Қоғамдық Қоры, ҚР ШҚО Судьялар Одағымен бірлескен ҚР ШҚО Дін істері бойынша басқарамасының «ҚР ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС.

Сайыста келесі топтар қатысты:

  1. С. Аманжолов ат. Шығыс-Қазақстандық Мемлекеттік Университеті, Өскемен қаласы;
  2. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қаласы;
  3. Шәкәрім ат. Мемлекеттік университеті, Семей қаласы;
  4. Қазақстан-Американдық еркін университеті, Өскемен қаласы;
  5. «Қайнар» колледжі, Семей қаласы;
  6. Құқық және бизнес колледжі, Семей қаласы.

Бұл шараны өткізудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық біліктілігін жетілдіру және жастар арасында әумесерлік мінез-құлықтың алдын алу болып табылады.

Объективті және әділ төрелік ету үшін сайысқа Қазақстан Республикасының құқық қорғау және сот жүйесінің қызметкерлері шақырылды: Шығыс Қазақстандық облыстық сотының отставкадағы судьясы, «Соттардың өзара қызметі Кеңесінің» төрағасы Кизаметдинов Виктор Николаевич; қылмыстық істер бойынша №2 қалалық сотының судьясы Абенова Жанат Тулеубаевна; азаматтық істер бойынша Семей қалалық сотының судьясы Жайлибаева Салтанат Коблановна; Семей қ. Қалалық прокуратурасының қылмыстық-соттық қадағлау бойынша бөлімінің прокуроры Жарылгасин Айдос Максатович; Семей қ. Адвокаттар алқасының адвокаты Дарибаева Айжан Сериковна; Семей қ. Адвокаттар алқасының адвокаты Уйданова Гулгуль Сагатовна.

Сайыстың нәтижесі бойынша студенттер келесідей марапатталды:

– Үздік судья – С.Аманжолов ат. ШҚМУ 3 курс студенті Воронко Елена;

– Үздік мемлекеттік айыптаушы – КазГЮИУ «Құқық қорғау қызметі» мамандығының 413 топ студенті Жумабеков Нурым;

– Үздік қорғаушы – ҚАЕУ студенті Жумагалиева Айым;

– Үздік ойын – Семей қ. Шәкәрім ат. МУ студенті Советов Ануар;

– белсенді қатысқаны үшін – КазГЮИУ 319 топ студенті Бақтыгазин Ернар.

1-орын  – КазГЮИУ ЗФ 2-3-4 курс студенттері;

2-орын – С.Аманжолов ат. ШҚМУ мен Семей қ. Құқық және бизнес колледжі;

3-орын – Семей қ. Шәкәрім ат. МУ, Қазақстандық-Американдық Еркін Университеті және «Қайнар» колледжі.

КазГЮИУ ЗФ ҚҚП кафедрасының ПОҚ ғылыми жетекшілігімен дайындалды: Утебаев Е.К., Сабитов С.М., Каражанов М.Д., Стамгазинова С.С., Рсымбетова Д.Р., Темиргазин Р.Х., Сейданов А.Б., Айдарова А.А., Байгундинов Е.Н. и Камбаров А.К. КазГЮИУ ректораты мен ЗФ деканаты материалдық және моралдық қолдауларын көрсетті. ЖАРАЙСЫҢДАР!!!