Жаңалықтар

ШҚО мектеп мұғалімдері қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен біліктілікті көтермелеу курсын өтті

Опубликовано 09.11.2016.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты 2016 жылдың 31 қазанынан 8 қараша аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда инновациялық технологияларды дамытудың әдіснамалық тәсілдері» модулі бойынша мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті жоғарлату курсын өткізді.

Курсты университетіміздің тәжірибелі оқытушысы, көп жылдар бойы мектеп мұғалімі болған ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Тлебалдина Нургуль Қазанбаена өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытуда мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру табылады.

Курсқа Семей қаласы қазақ тілі мұғалімдері, ШҚО мектептерінің қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

Курсты оқыту барысында ролдік ойындар, даулы сұрақтар және инновациялық технологиялар кеңінен қолданылды.

Курс қорытындысы бойынша Институт директоры М.Д. Қаражанов  сертификаттар тапсырды.