Жаңалықтар

Білім беру бөлімдерінің басшыларына, колледж және мектеп директорларына

Опубликовано 16.11.2016.

Семей қаласындағы Қазақ инновациалық гуманитарлық-заң университетінің Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты кітапханашыларға арналған 36 сағат көлемінде «Ақпараттандырылған кітапханалық ақпараттық жүйеде жұмысты ұйымдастыру» модулі бойынша біліктілікті жетілдіру курстарының өтетіндігі жөнінде хабарлайды.   Курс орыс тілінде 28 қарашадан 2 желтоқсанға дейін Шмидта 44 көшесіндегі 4 ғимаратта, кітапхана сағат 10.00-13.00 өтеді.

 Курс бағасы 10000 тенге.

Өтінімдерді 2016 жылдың 25 қарашасына дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Келген соң төлемдер жасауға болады.

Өтінімдерді келесі электронды поштаға жіберіңіз: ipk.pk@bk.ru

Байланыс телефондары: +77077484972; +77755386017.

Кітапханашыларыңыздың белсенді қатысуын күтеміз.

Құрметпен,                                    

ҚазИГЗУ БЖМКДИ директоры

Құқықтану мамандығы бойынша

философия докторы, ҚазИГЗУ доценті                       

Қаражанов М.Д.