Жаңалықтар

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді

Опубликовано 17.11.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің  оқытушылар құрамы  қаламызда шағын  және орта бизнес саласына  мамандар даярлайтын  Бизнес колледжде  кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.  Кездесу барысында  оқу орынының  бітіруші түлектері мамандық таңдаудағы түрлі сұрақтарын қойды. Университетіміздің белсенді студенттік өмірі мен академиялық ұтқырлық бойынша шетелде оқуға мүмкіндік беретін артықшылықтары  колледж студенттерінің қызығушылығын тудырды. КазГЮИУ –  ҚР Қарулы күштеріне запастағы офицерлер даярлайтын Әскери кафедрасы бар  бірден бір университет болғандықтан, бір қатар студенттер  біздің университетке таңдау жасағанын білдірді. Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің аға оқытушылары  Закимов Бақыт Тұрсынханұлы және Сагындыкова Рысалды Елеубекқызы  кездесу  барысында  түлектерге табысты тұлға болу үшін жоғары оқу орнын таңдауда қателеспеу керектігін түсіндірді.Таңдау – Сізден, Сапалы білім – Бізден!

img-20161110-wa0004