Жаңалықтар

ЗФ ҚҚП кафедрасының халықаралық студенттік дебат жарысындағы жеңісі

Опубликовано 17.11.2016.

2016 жылдың 11 қараша күні Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында Новосибирсктік мемлекеттік техникалық университетінің заң факультетінің негізінде өткізілген IV халықаралық ЖОО арасындағы студенттік дебат жарысына Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттері, атап айтқанда: Ю-212 топ студенті Попова Камила; Ю-216 топ студенті Мусина Алика; 312-топ студенттері Эргашов Руслан мен Кабдалов Дулат қатысып, бұл шараның қорытындысы бойынша 2 орынды иеленді.  Дебат жарысының тақырыбы – «Соотношение национального и международного права». Заң факультетінің студенттері өздерінің жауаптарында қылмыстық-құқық, соның ішінде қылмыстылықтың алдын алумен байланысты салаларына негізделді.

КазГЮИУ-дан басқа, дебат жарысына Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті, РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясының филиалы Сібір басқару институты,  Экономика және басқару  Новосибирск мемлекеттік университеті, Томск мемлекеттік университетінің филиалы Новосибирск заң институты қатысты.

КазГЮИУ заң факультетінің студенттеріне ғылыми жетекшілік пен даярлықты жүзеге асырған ҚҚП кафедрасының ПОҚ, атап айтқанда: Утебаев Е.К., Сабитов С.М., Стамгазинова С.С., Темиргазин Р.Х. и Рсымбетова Д.Р.. Сондай-ақ, осы жағдайды пайдалана отырып, КазГЮИУ ректоратына және заң факультетінің деканатына қаржылық және моральдық көмектері үшін алғысымызды білдіреміз. Бәрекелді, жарайсыңдар!!!