Жаңалықтар

ЗФ ҚҚП кафедрасының теория мен тәжірибені өзара байланыстыруы

Опубликовано 22.11.2016.

КазГЮИУ заң факультетінің ҚР қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен әрі қарай ынтымақтастығын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 18 қараша күні ҚР ШҚО Семей қ. тергеу изоляторы – ҚР ІІМ ҚАЖК ОВ 156/19 мекемесінде дәріс және тәжірибе түрінде аудиториялық сабақ жүргізілді.

Бұл сабақ қоғамдық-байқау комиссиясының құрамында ҚҚП кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Е.К. Утебаевпен және ҚҚП аға оқытушысы, заңтану магистрі Р.Х. Темиргазинмен ұйымдастырылды.  ЗФ «құқық қорғау қызметі» мамандығының 314 топ студенттері Аманбаев Айдос, Жаппарова Айдана, Жеманов Галымжан, Каиргазыев Рустам, Мелдехан Азиза, Токенова Ляззат, Утембаев Максат қатысты. Сабақ өткізу барысында  ОВ 156/19 (тергеу изоляторы) аралас қауіпсіздікті мекемелерінің қызметкерлерімен кездесті. Бұл сабақтың мақсаты «ҚР қылмыстық құқығы», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР Қылмыстық-атқару құқығы» пәндері бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту үшін мекеменің қызметімен танысу болып  табылады. Танысу дәрісі мен тәжірибесін ОВ 156/19 мекемесінің заңгер-кеңесшісі, КазГЮИУ «Құқықтану» мамандығының 2015 жылғы түлегі Какимов Серик Кайратович жүргізді.

img_1641