ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

Қалалық студент ақындар айтысы

Опубликовано 25.11.2016.

22.11.2016 ж. Шәкәрім атындағы СМУ ұйымдастыруымен студент ақындар арасында қалалық айтыс өтті. Қала колледждері мен жоғары оқу орындарының үкілеп қосқан ақындары «Арманы асқақ жас дарын» тақырыбын жырлады. Университетіміздің дүл – дүл ақындары Қыдырбеков Әлішер мен Оралхан Қуандық бұл айтысқа қатысып, шешендіктерімен, тапқырлықтары әрі суырып салма өнерімен көзге түсіп, топ жарды. Әділ қазы алқасының шешімімен Оралхан Қуандық 2 орынды иеленсе, Қыдырбеков Әлішер бас жүлдені жеңіп алды!