ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спартакиада

Опубликовано 25.11.2016.

19.11.2016 ж. КазГЮИУ жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен университетіміздің спорт кешенінде оқытушылар мен қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спартакиада болып өтті. Спартакиада командалық «волейбол», «футзал» ойындары және жекелей «шашки», «стол теннисы» сайыстарын қамтыды. Командалық сайыстар «айналмалы жүйе» бойынша өтсе, жекелей сайыс түрлері «Play – off» тәртібімен өтті.

Қорытынды:

Волейбол – 1 орын Әскери кафедра құрамасы, 2 орын Заң факультетінің оқытушылар құрамасы, 3 орын Әкімшілік ғимарат қызметкерлерінің құрамасы.

Футзал – 1 орын  Заң факультетінің оқытушылар құрамасы, 2 орын Әкімшілік ғимарат қызметкерлерінің құрамасы, 3 орын Әскери кафедра құрамасы.

Шашки – 1 орын Нурекешов Талап (заң факультеті, азаматтық – құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы). 2 орын Бақтыбеков Мұхтар (заң факультеті, мемлекеттік – құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы). 3 орын Ергалиев Арман (әскери кафедра оқытушысы).

Стол теннисы – 1 орын Бакыбеков Жалғас (Күзет қызметінің қызметкері). 2 орын Дюсенбин Бауыржан (әскери кафедра оқытушысы).      3 орын Нуржаубаев Роллан (әскери кафедра оқытушысы)