ЖаңалықтарЖастар Саясаты ОрталығыСерпін

Республикалық «Аламан 2016» өнерлі жастар фестивалі

Опубликовано 05.12.2016.

25-27.11.2016 ж. Астана қаласы Еуразия ұлттық университетінде «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттер арасында республкалық «Аламан 2016» өнерлі жастар фестивалі өтті. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастау алған фестиваль бірнеше іріктеу кезеңдерінен тұрды. Өз оқу орындарынан іріктеліп, кейін қала және облыс көлемінде іріктеуден сүрінбеген жастар фестивальдің басты Гала – концертіне де арнайы шақырылған маман, режиссердің сынынан өтті. Университетіміздің намысын «Вокал» сайысы бойынша қорғаған студентіміз Абзал Кенжаев барлық іріктеу кезеңдерінен кідірмей өтіп, фестивальдің Гала – концертіне жолдама алды. Жалпы 29 қатысушының 7 сайыскері финалдық бәсегеде бақ сынап, фестиваль қорытындысы бойынша өнерімен зал толы көрерменді тәнті еткен біздің студентіміз Абзал Кенжаев Бас жүлдені жеңіп алды.

Фестиваль 28-29.11.2016 ж. Бурабай демалыс базасында түрлі тақырыптардығы семинар – тренингтермен өз жалғасын тапты.