Жаңалықтар

Заң факультет базасында дөңгелек үстел өткізілді

Опубликовано 05.12.2016.

30.11.2016 ж., «Тәуелсіз Қазақстанды құру және нығайтуда Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президентінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ҚазИГЗУ-нің профессорлық оқытушылық құрамы, студенттері, Семей қаласының әкімшілігі және Семей қаласының Әділет Басқармасы қызметкерлері, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сот судьялары қатысты. Дөңгелек үстелдің жүргізушісі: Арайлым Калиева Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі.