Жаңалықтар

Білім беру бөлімдерінің басшыларына, колледж және мектеп директорларына

Опубликовано 06.12.2016.

Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің біліктілікті жетілдіру және мамандарды даярлау Институты 4 қаңтар мен 12 қаңтар аралығында 72 сағат көлемінде мектеп мұғалімдеріне және колледж оқытушыларына келесі модулдер бойынша біліктілікті жетілдіру курсын өткізеді:

  1. Өзін-өзі тану бойынша «Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі». Өтетін тілі: мемлекеттік. Өтетін уақыты: 15.00-18.00. Өтетін орны: №4 ҚазИГЗУ ғимараты, Шмидта көш. 44, шіркеу аялдамасы, педагогика және психология кафедрасы №32 дәрісхана.
  2. «Қазіргі кезеңде орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері теориясы мен практикасы». Өтетін тілі: орыс тілі. Өтетін уақыты: 14.00-17.00. Өтетін орны: ҚазИГЗУ әкімшілік ғимараты, Ленин көш. 11, №28 кабинет.
  3. «Ағылшын тілі сабақтарында тиімді тәсілдер мен әдістерді пайдалану» Өтетін тілі: ағылшын тілі. Өтетін уақыты: 15.00-18.00. Өтетін орны: №4 ҚазИГЗУ ғимараты, Шмидта көш. 44, шіркеу аялдамасы, филология кафедрасы, №2 дәрісхана.
  4. «Биология мен валеологияны ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру және қолдау теориясы мен практикасы» Өтетін тілі: мемлекеттік және орыс тілі. Өтетін уақыты: 14.00-17.00. Өтетін орны: №2 ҚазИГЗУ ғимараты, Абай көш. 107, №314 дәрісхана.
  5. «Білім беру процесінде «Информатика» және «Математика» пәндерін оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» Өтетін тілі: мемлекеттік және орыс тілі. Өтетін уақыты: 14.00-17.00. Өтетін орны: №2 ҚазИГЗУ ғимараты, Абай көш. 107, №211 дәрісхана.

Курс соңында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрімен №370 2013 жылдың 11 қыркүйегінде бекітілген арнайы үлгідегі сертификат беріледі.

Курс құны 11000 тенге. Төлемді келе салысымен жүргізуге болады.

Өтінімдерді 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

Төлем реквизиттері: БИН 980440002042, Кбе 17, РНН 511700061447, ИИК KZ 976010261000026178 Қазақстан Халық Банкі АҚ БИК HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: біліктілікті жетілдіру курсына.

Өтінімдерді келесі электронды мекен жайына жіберіңіздер: ipk.pk@bk.ru. Өтінімде көрсетілетін мәліметтер: Толық аты-жөні куәлік бойынша, ұйым, ұялы телефон нөмері, мекен жайы, куәліктің көшірмесін жіберу қажет.

Байланыс телефоны: +77077484972; +77755386017.

Оқытушыларыңыздың белсене қатысуын күтеміз.

Құрметпен,  «ҚазИГЗУ» БЖ МҚДИ директоры

«Құқықтану» пәні бойынша PhD докторы, ҚазИГЗУ доценті

Каражанов М.Д.