Жаңалықтар

ШҚО мектеп және колледж кітапханашылары КазГЮИУ-де біліктілікті жетілдіру курсын өтті

Опубликовано 06.12.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты университет кітапханасымен бірлесе отырып, 2016 жылдың  28 қарашасы 2 желтоқсан аралығында «Автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйеде жұмысты ұйымдастыру» модулі бойынша кітапханашыларға арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курсты университет кітапханасының меңгерушісі З.Г. Дубаева өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйеде жұмысты жетілдіру.

Курсқа Семей қаласы колледждерінің кітапханашылары, ШҚО мектептерінің кітапханашылары, университет кітапханашылары қатысты.

Курсты оқыту барысында тыңдаушылар автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесімен танысты.

Курс қорытындысы бойынша Институт директоры М.Д. Қаражанов университет кітапханасында сертификаттар тапсырды.