2016 жылғы 28-қараша – 5-желтоқсан аралығында академиялық ұтқырлық бойынша КазГЮИУ Информатика және математика кафедрасына Белосток қаласындағы «Басқару және қаржы» жоғары мектебінінің профессорлары – Нина Семенюк, Иоанна Омельчук ресми сапармен келіп кетті.
Белосток қаласындағы «Басқару және қаржы» жоғары мектебінінің профессоры – Нина Семенюк «Информатика», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық технологиялар»мамандықтарының күндізгі оқу бөлімінде оқып жатқан 2-3 курс студенттеріне «Теория Хаоса польского рынка капитала» тақырыбында курстық дәріс оқыды.
Белосток қаласындағы «Басқару және қаржы» жоғары мектебінінің профессоры Иоанна Омельчук «Безопасность продовольствия и продовольственная безопасность как фактор экономического развития хозяйства (на примере Польши)» тақырыбында «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенттеріне дәрістер оқыды.