Жаңалықтар

Байгундинов Елдос Нағымбайұлы

Опубликовано 09.12.2016.

«КазГЮИУ-дың материалдық базасы табысты мамандарды даярлауда ең маңызды компоненттердің бірі болып табылады»

Байгундинов Елдос Нағымбайұлы–  2009 жылғы «юриспруденция» мамандығының түлегі.

Елдос студент кезінде жақсы оқыды, университетттің қоғамдық өміріне белсене араласты, ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысты. Семейдегі «Қазақстандық жас заңгерлер қауымдастығы» филиалының белсенді мүшесі болды.

Университетті бітіргеннен кейін магистратура оқыды. 2011 жылы академиялық құқық магистрі атағын алғаннан кейін Елдос, КазГЮИУ заң факультетінде қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасына оқытушы болып жұмысқа тұрды.

2001 жылдан бастап КазГЮИУ заң факультетінде қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасына оқытушы және заң факультетінің криминалистикалық зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Елдос халықаралық конференциялардағы және шетелдік басылымдардағы көптеген ғылыми жұмыстардың авторы.

2016 жылы Елдос КазГЮИУ әскери кафедрасына 5 жыл толу құрметіне төсбелгісі мен КазГЮИУ-дың дамуына және имиджінің нығаюына қосқан үлесі үшін «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Құрметті түлегі» төсбелгісін алған.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!