Түлектер

Темиргазин Роман Хурматуллаевич

Опубликовано 09.12.2016.

«КазГЮИУ-да білім берудің барлық деңгейі болғаны қандай жақсы: бакалавриат, магистратура, доктарантура»

Темиргазин Роман Хурматуллаевич – 2011 жылғы «юриспруденция» мамандығының түлегі.

Оқып жүрген кезінде Роман бірнеше дебат сайыстарының жүлдегері болды. 2008 жылы Өскемен қаласында өткен дебат турнирінде бірінші жүлделі орын алды және де ШҚО-ның үздік спикері атанды. 2001 жылы халықаралық дебат турнирінде екінші орын иеленді.

Конференцияларда және олимпиадаларда КазГЮИУ намысын қорғап, мақтау қағаздарына йе болып отырды.

2009 жылы «Интеллектуалды ойындар клубын» қоғамдық қоры жанындағы «Брейн-ринг» ойынының координаторы болды.  2009 жылы Семей қаласы мектептері арасында «Брейн-ринг» ойындар лигасының негізін қалады. 2010 және 2011 жылдары КазГЮИУ базасында «Брейн-рингтен» мектептер арасында чемпионат өткізді.

2013 жылы академиялық құқық магистрі атағын алды.

2014 жылдан бастап КазГЮИУ-да қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.

Бос уақытында футбол ойнағанды жақсы көреді және де университет футбол командасын құрамында өнер көрсетеді.

2016 жылы Роман доктарантураға түсті.

Ғылымда табысқа жетуіңізге тілектеспіз!