Түлектер

Жанғалиев Ұлан Құрметқалиұлы

Опубликовано 10.12.2016.

«КазГЮИУ Қазақстан тарихын оқытуда үлкен үлес қосуда»

Жанғалиев Ұлан Құрметқалиұлы – 2011 жылғы «юриспруденция» мамандығының түлегі.

2002 жылдан бастап Семей қаласының «Семипалатинский отряд» археологиялық экспедиуиясының мүшесі, ШҚО-ғы археологиялық экспедицияларға қатысады.

Еңбек жолын 2005 жылы «Санжар» колледжінде оқытушы болып бастады.

2007 жылдан бері Ұлан КазГЮИУ-да тарих және география кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді.

2015-2016 жылдары гуманитарлық факультеттің деканы орынбасары болды.

30-ға жуық ғылыми еңбектердің авторы. Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың қатысушысы.

Бос уақытында спортпен айналысқанды жақсы көреді, футбол ойнайды, университет футбол командасы құрамында.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!