Түлектер

Жампейісов Дәурен Әбілтайұлы

Опубликовано 11.12.2016.

«КазГЮИУ-да инновациялық және табысты трендтердің дамуына барлық жағдай жасалған»

Жампейісов Дәурен Әбілтайұлы– 2001 жылғы «юриспруденция» мамандығының түлегі.

Дәурен халықаралық конференциялардағы және шетелдік басылымдардағы көптеген ғылыми жұмыстардың авторы.

Бос уақытында жеңіл атлетикамен айналысады, баскетбол ойнайды, классикалық музыка тыңдайды.

2006 жылы ҚР Білім және ғылым Министрі Б.С. Айтимованың Құрмет грамотасымен марапатталған.

2007 жылы орта және кәсіби білім беру мекемелеріне ҚР Білім және ғылым Министрлігімен ұсынылған «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқулығын жарыққа шығарды.

2009 жылы ҚР техникалық және кәсіби білім беру бағдарламасын іске асыруда белсенді және жемісті ынтымақтастығы үшін Астана қаласындағы «Фолиант» баспасының  Арнайы дипломымен марапатталды.

2010 жылы академиялық құқық магистрі дәрежесін алды.

КазГЮИУ ректорынан бірнеше рет алғыс хаттар алды (2010-2016).

2014 жылы «История Казахстана в вопросах и ответах» және «Всемирная история в вопросах и ответах» оқу-әдістемелік құралдарын жарыққа шығарды.

2016 жылы «Алтай Invest 2016» халықаралық инвестициялық форумын ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқаны үшін, оның ішінде Еуропа Одағының «Қазақстанның аймақтық дамуы» жобасы аясында Қазақстанда баламасы кездеспейтін – – «Руководство для поддержки заинтересованных инвесторов с описанием механизмов для получения льгот и преференций в сфере туризма в Казахстане» құралын құрастырып шығарғаны үшін ШҚО Туризм және ішкі байланыс Басқармасы бастығынан алғыс хат алды. Әдістемелік құрал орыс,ағылшын, қытай тілдеріне аударылып, әлемнің 14 мемлекеті өкілдеріне, ҚР Инвестиция және даму Министрлігіне, облыс әкімдеріне  табысталды. Сонымен қатар, әдістемелік құрал кәсіпкерлік және өнеркәсіп, орман, ауыл шаруашылықтары саласындағы оқу-әдістемелік құралдарға негіз болатындығы ШҚО әкімі Д. Ахметовпен бекітілген.

2016 жылы Дәурен КазГЮИУ әскери кафедрасына 5 жыл толу құрметіне төсбелгісі мен КазГЮИУ-дың дамуына және имиджінің нығаюына қосқан үлесі үшін «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Құрметті түлегі» төсбелгісін алған.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!