ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

КазГЮИУ студенті «Жылдың үздік еріктісі» атанды

Опубликовано 15.12.2016.

Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті, «Информатика» мамандығының 3 курс студенті Кенжеғазин Думан Кенжеғазыұлы – Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін «Жылдың үздік еріктісі» номинациясы бойынша Семей қаласы әкімі сыйлығының жеңімпазы атанды.

Кенжеғазин Думан оқу озаты болып, қоғамдық өмірге белсене ат салысуының арқасында келесідей жетістіктерге қол жеткізген:

– «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ШҚО Семей қалалық бөлімшесінің қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі;

– «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ШҚО Семей қалалық бөлімшесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы;

– «Патриоттар» бірлестігінің әкімшісі;

– «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

– «Ақ Ниет» Қайырымдылық қоры ұйымының белсендісі;

– «Асыл арна» инттелектуалды дебат клубының PR менеджері;

– Бүкілресейлік «Стоп Наркотик» қоғамдық қозғалысының мүшесі;

– БАҚ саласының маманы.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қарсаңында жеткен жетістігімен Кенжеғазин Думанды Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті шын жүректен құттықтайды!