Жаңалықтар

КазГЮИУ-де ЖОО мен колледждердің экономикалық пәндер оқытушылары біліктілікті жетілдіру курсын өтті

Опубликовано 28.12.2016.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты қаржы және есеп кафедрасымен бірлесе отырып, 2016 жылдың  20 желтоқсанынан 28 желтоқсаны аралығында «Экономика және бухгалтерлік есепті оқыту әдістемесі» модулі бойынша колледж және ЖОО-ның экономикалық пәндер оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курсты қаржы және есеп кафедрасының білікті оқытушысы Н.Қ. Атаева өткізді.

Курстың негізгі мақсаты –экономика пәндерін оқытатын оқытушылардың әдістемелік біліктілігін жетілдіру.

Курсқа ШҚО, Қостанай, Семей қаласы ЖОО мен колледждерінің  оқытушылары қатысты.

Курсты оқыту барысында оқытушылар жаңадан есеп жүргізу тәртібімен танысты.

Курс қорытындысы бойынша Институт директоры М.Д. Қаражанов сертификаттар тапсырды.