Түлектер

Бауыржанов Рымбек Бауыржанұлы

Опубликовано 29.12.2016.

Бауыржанов Рымбек Бауыржанұлы – 2012 жылғы «заң тану» мамандығының түлегі.

Ол университетті үздік бітіргеннен кейін қазіргі уақытқа дейін КазГЮИУ Жастар саясаты орталығында бас маман болып жұмыс істеді.

2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға түсіп, 2014 жылы академиялық құқық магистрі дәрежесін алды.

2002-2012 мектеп, студенттік шақтарында Рымбек кикбоксингпен айналысып, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық турнирларда жеңімпаз атанған. «Спорт шеберіне үміткер». Кикбоксингтан ШҚО құрама командасының құрамында болған.

2002-2010 жылдары «Қоян-қолтық төбелес», «Номад ММА», «Кудо» спорт түрлерінен жарыстарға қатысқын.

2008 жылы РФ Новосибирск қаласында өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, 2009 жылы Омск қ. өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Горно-Алтайск қ. өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері, 2010 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Рымбектің студенттік өмірі жарқын өтті. Ол КВН ойындарының қатысушысы болды.КазГЮИУ-дың  «Әзіл заң» КВН командасы капитаны болып, аймақтық және республикалық турнирлерде жүлделі орындарға йе болып жүрді.

2011 жылы «Үркер» студенттік театрын құрды.

2012 жылы «Студенттер театры» конкурсында «Үздік роль» номинациясын жеңіп алды.

2012 жылы Рымбектің «Үркер» театры қалалық «Студенттер теартлары» сайысында «Үздік трагедия» номинациясын жеңіп алды. Және сол жылы «Қозы көрпеш – Баян сұлу» сайысында бас жүлдені ұтып алды.

2014 жылы Қазақстан футбол лигасында «КЛЛФ» КазГЮИУ командасы құрамында 2 орын иеленді және 2015 жылы қола жүлдегер атанды.

2016 жылы Рымбек КазГЮИУ әскери кафедрасына 5 жыл толу құрметіне төсбелгісі мен КазГЮИУ-дың дамуына және имиджінің нығаюына қосқан үлесі үшін «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің Құрметті түлегі» төсбелгісін алған.

Бұдан бөлек, 2016 жылы Семей қ. әкімі Ермак Салимовтың Семей қаласы жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталды.

Біз түлектерімізбен мақтанамыз!