Жаңалықтар

«Информатика» мамандығының 4 – курс студенті, айтыскер ақын – Нұрабдоллаев Алишердің шығармашылық кеші

Опубликовано 29.12.2016.

20.12.2016 күні  Заң факультетінің салтанат залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» атты «Информатика және математика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Информатика» мамандығының 4 – курс студенті, айтыскер ақын – Нұрабдоллаев Алишердің шығармашылық кеші өтті. Кеш алдында Жастар саясаты орталығының бас маманы – Рымбек Бауыржанұлы құттықтау тілегін білдірді. Университеттің ректоры Ш.А. Курманбаеваның атынан облыстық, қалалық ақындар айтысының жеңімпазы Нұрабдоллаев Алишерге, Астана қаласында «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін» әлеуметтік жобасы аясында өткен «Аламан» фестиваліне қатысып, «Өнерлінің өрісі кең!» атты номинациясының бас жүлдесінің иегері Кенжаев Абзалға, қолдау степендиясының иегері, «Жылдың үздік еріктісі» номинациясы бойынша Семей қаласы әкімінің жеңімпазы Кенжеғазин Думанға арнайы сыйлықтарын табыс етті. Келесі кезекте Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің деканы – Айнұр Шаймұратқызына, Информатика және математика кафедрасының меңгерушісі – Ардақ Жұмағазықызына сөз беріліп, университетіміздің қоғамдық жұмысына белсене араласқан, спорт жетістіктеріне жеткен студенттерімізді университетіміздің ректорының  атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Шығармашылық кеш Алишердің арнауымен басталды. Кеш жүргізушісі кафедраның оқытушысы Рахатова Г.М. Алишермен сұхбат жүргізді. Кешке келген қонақтар жас ақынға өздерінің сұрақтарын қойып, өткір де ұтқыр жауаптар алды.

Жас айтыскерге қолдау көрсетіп келген өнерде бірге жүрген әріптестері: Үш қыран триосының әншісі Ахметбек Нұрбек, Еркеназ би тобы ,  Ербол Тургалиев көрермендердің ықыласына бөленіп қызықты концерттік бағдарламасын ұсынды. Оның ішінде атақты ағамыз Тұрсынғазы Рахимовтың шәкірті Жандос Оразханов «Сәби болғым келеді» әнімен тыңдарманды өзіне баурап алды.

Шығармашылық кештің соңы Руслан Тұрсыновтың «Елім Менің» әнімен аяқталды.

2