ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

Студенттер үйіндегі Жаңа жылдық кеш!

Опубликовано 29.12.2016.

24.12.2016 ж. КазГЮИУ Студенттер үйінде Жаңа жылдық кеш болып өтті. Жаңа жылдың символына айналған әдемі безендірілген шырша мерекелік кештің ажарын аша түсті. Студенттердің дайындаған өнерлері, түрлі қызықты ойындар мен сайыстарды кештің басты кейіпкері Аяз ата бағалап, сыйлықтарын таратты. Көңілді өткен мерекелік бағдарлама би кешімен жалғасты.