ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

КазГЮИУ Бизнес инкубаторы

Опубликовано 06.01.2017.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іс жүзіне асырылуына өзіндік үлесін қосуда. Осы орайда университетте студенттерді инновациялық жобаларға тарту үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Осы мақсатта Шығыс өңірінде алғашқы студенттік Бизнес-инкубатор ашылды. Қазіргі уақытта 25-тен астам КазГЮИУ студенті өзінің кәсіпкерлік қызметін бастап отыр. «Анағұрлым табысты, мазмұнды жобалардың стартапы үшін грант бөлінуі мүмкін»,- деп атап көрсетті Бизнес-инкубатордың ашылу салтанатында КазГЮИУ ректоры Ш.Құрманбаева. Көптеген жобалар студенттердің өз бастамасымен жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн.

Бизнес-инкубатордың мақсаты – жастардың бойында кәсіпкерлік иекемділікті қалыптастыру болса, студенттерден құралған команда кәсіпкерлікті бастауға, бастапқы көмек көрсету негізгі міндеті.

КазГЮИУ Бизнес-инкубаторының ашылу Салтанатына ректор Ш.Құрманбаева, ШҚО Семей қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиал бастығы А.Әділжанов, «Кәсіпкерлік бөлім» ММ өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен КазГЮИУ арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

ҚазГЮИУ Бизнес-инкубаторы тәжірибе алмасуға және бизнес-идеяларына инвестиция тартуға мүмкіндік беретін шығармашылық алаңы болатыны сөзсіз. Өйткені, мұнда әр күнінде стартап-командаларға арналаған тренигтермен шеберлік сыныптары өткізіледі.

КазГЮИУ Бизнес-инкубаторы Бас оқу ғимаратының (Ленин к-сі, 11 үй) 2-қабатында орналасқан.

Фотолардың қайнар көзі: https://vk.com/prodpanda