Жаңалықтар

КазГЮИУ ЗФ ҚҚП кафедрасының кезекті жеңістері

Опубликовано 26.01.2017.

КазГЮИУ заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының ПОҚ ҚР Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының  кітапханасымен бірлесіп өткізген «Жоғары оқу орындарына арналған құқық қорғау саласындағы үздік басылым» І халықаралық байқауына қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – жоғары оқу орындарының басылымдарын құқық қорғау органдарын жоғары оқыту мекемесінің құрылымдарында магистранттар, аспиранттар және докторанттар үшін оқулықтардың, оқу құралдарының, әдістемелік нұсқаулардың, сонымен қатар, ғылыми-көпшілік әдебиеттердің, анықтамалықтардың және т.б. үздік авторлық жобаларды анықтау, үздік жетістікке жеткен басылымдарды жариялау, редакциялық-басылымды даярлау деңгейін, полиграфиялық орындау деңгейін және олардың көркемдік рәсімделу деңгейін жоғарылату.

Бұл байқауға қатысуға авторлар, басылымдар, редакциялық-басылым бөлімдері, оқулық және ғылыми тектес басылымдарды шығаратын оқу және ғылым бөлімшелері,  сонымен қатар, құқық қорғау бағытымен оқу және ғылыми әдебиеттер шығаратын ЕурАзЭЫ  мемлекеттері, Жаңа және Алыс шетел мемлекеттері шақырылды.

Байқаудың қорытындысы бойынша ғылыми және студенттік қоғамдастықтығында кең қолдануы және әлеуетті жақсарту үшін төменде көрсетілген оқу құралдары Құқық қорғау органдары Акакдемиясының және Тұңғыш Президентінің кітапханаларында қалдырылды. Сондай-ақ, белсене қатысқандығын куәландыратын сертификаты берілді.