Жаңалықтар

Заң факультетінің ҚҚП кафедрасының теория мен тәжірибенің өзара байланысы

Опубликовано 26.01.2017.

ҚР ШҚО Семей өңірі бойынша Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері Заң факультетінің ҚҚП кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., профессор Е.К. Утебаев және аға оқытушы, заң ғылымдар магистрі Р.Х. Темиргазин  ОВ 156/16 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне кезекті рет барып қайтты.

Сонымен, 2017 жылдың 20 қаңтар күні, ҚБК мүшелері болып табылатын ҚҚП кафедрасының ПОҚ теориялық білімдерді тәжірибемен үйлестіру мақсатында Заң факультеті Ю-316 топ студенттері, атап айтқанда, Ерланкызы Жадыра, Асадова Амина, Досымжанова Аяна ҚР ШҚО ҚАЖД ОВ-156/16 мекемесінде «Рақымшылық» тақырыбы бойынша тәжірибелік семинар өткізді.  Қатысу барысында, студенттер: сотталғандарды ұстау жағдайымен танысты, сотталғандардың қойған сұрақтарын және оларға КазГЮИУ заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары берген заңи көмектері мен кеңестерін тыңдады,  осы мекеме қызметкерлеріне өздерінің сұрақтарын қойды және жауаптарында теориялық білімдерді қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің, яғни, қоныстану колониясының қызметкерлерінің тәжірибелік қызметінде жүзеге асыруы туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, әкімшілік корпустың ішкі тәртіптік ережесімен, жатақханасымен, асханасымен, спорт алаңымен және т.б. осы мекеменің құрамына кіретін шаруашылық құрылыстарымен танысты.