Жаңалықтар

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің филология кафедрасының оқытушылары қазылар алқасы ретінде шақырылды

Опубликовано 27.02.2017.

«Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 20 ақпан күні қалалық мәдениет сарайында студенттер арасында   «Тіл парасаты» атты  жүргізушілер байқауы өтті.

Байқауға қатысатын үміткерлердің білімін бағалау үшін  Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің филология кафедрасының оқытушылары Гайнуллина Фарида Ахметқызы мен Қабышева Раушан Бақтыбайқызы  қазылар алқасы ретінде шақырылды.