Түлектер

Кунаков Руслан Геннадьевич

Опубликовано 01.03.2017.

Кунаков Руслан Геннадьевич – 2011 жылдың түлегі.

Бесқарағай ауданы әкімі аппараты Заң бөлімнің басшысы.

1989 жылы 3 қазанда Семей облысы Таскескен ауданының Таскескен ауылында туған. Жоғары екі білімі бар. 2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын және 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2011 жылы Бесқарағай ауылында «Азиялық несие қоры» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі аналитик болып бастады, 2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың сәуірі айына дейін Бесқарағай ауылында «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ Семей қаласының аймақтық филиалының сату бөлімінің маманы, 2013 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін – Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық, мемлекеттік – құқық жұмысы бөлімінің құқық және заң мәселесі бойынша әдіскері, 2013 жылдың қазанынан 2015 жылдың мамыр айына дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық және мемлекеттік – құқық жұмысы бөлімінің бас маманы – заңгер, 2015 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың қазан айына дейін аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы, 2016 жылдың 9 қарашасынан бастап Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Лауазымдық міндеттер:

Аудан әкімінің және аудан әкімінің аппараты басшысының басшылығымен қызмет атқарады, облыс әкімі аппаратының сәйкес бөлімдерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді, құқықтық білім беру сабақтарын өткізуді ұйымдастырады, медиацияны ұйымдастырады, бөлімге түскен заң сипаттағы шағымдармен және өтініштермен, хаттармен танысады, мерзімде оларды тапсыруды ұйымдастырады, аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға заңдық көмек көрсетеді, талап арыздарын қарау жұмысын жүзеге асырады, әкімнің және әкімдіктің барлық нормативтік сақтау жүйелеуді ұйымдастырады, өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді, әкімдіктің қаулыларын, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдері жобаларды құқықтық сараптаманы жүргізеді, қолданыстағы заңнамамен шығарылған, әкімнің және әкімдіктің құқықтық актілерін өзгерістерді енгізу және күшін жою бойынша шаралар қабылдайды, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысады, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілердің мониторингісін жүргізуді ұйымдастырады, қаулылар мен шешімдердің тіркеуін жүргізеді, мониторингті жүргізу бойынша есепті құрайды, қабылданған нормативтік құқықтық актілері туралы жоғары тұрған органдарға есепті құрайды, нормативтік құқықтық актілердің электрондық тіркеуін жүргізеді, соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда әкімдіктің, аппараттың назарлығын білдіреді, сапа облысында саясаты біліп, қабылдау қажет, басқа бөлімшілерімен бірлесе, күші жойылған ішкі нормативтік құжаттарды жою немесе өзгерістерді енгізу туралы ұсыныстар дайындайды, ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және жақсартуда қатысады, басқа қызметкерлерімен бірлесе, аудан әкімінің қызметіне заңдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, ауылдық округтерінің әкімдеріне сәйкес көмек көрсетеді, тәртіптік, конкурстық және жас мамандарға баспананы беру жөніндегі комиссия отырыстарына қатысады, наразылық, азаматтардың хаттарын және өтініштерін қарайды, нотариалдық іс-қимылдары бойынша мониторинг жасайды, бос лауазымдық орындарға конкурстарды өткізуге құқықтық және заңдық көмек көрсетеді, ауданның сайлау комиссияларына құқықтық және заңдық көмек көрсетеді, «Құқықтық қамтамасыз ету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін бағалау әдістемесін құрайды,  ИСО 9001-2008 сәйкестікке сапа менеджмент жүйесін ұстау бойынша іс-шараларды өткізеді. Облыс әкімінің, аудан әкімінің және аудан әкімінің аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды.

http://beskaragay.vko.gov.kz/kz/apparatus1_10.htm