Жаңалықтар

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мемлекеттік даму бағдарламасының іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстандық жоғары оқу орындарының топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тарту жоспарлануда

Опубликовано 02.03.2017.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің конкурстық іріктеудің нәтижесінде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне шақырылған шетелдік маман ретінде Христо Кафтанджиев халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор лауазымына мақұлданды (2017 жылы).

1

Христо Кафтанджиев, филология ғылымдарының докторы, профессор, Климент Орхидский атындағы София университетінің журналистика факультетінің Коммуникация және пиар кафедрасының меңгерушісі және деканның орынбасары. Жоғары оқу орындарындағы басшылық қызметтерде әкімшілік жұмыс тәжірибесі мол. Оқытушы ретінде Мексикада- IAA (International Advertising Association), Египете және Ливанда 3 дүниежүзілік конгерсстерге қатысты. Сондай-ақ, Мексика мен Германияда семиотикаға байланысты екі дүниежүзілік конгресстерде оқытушы болды. Профессор Х. Кафтанджиев – жарнама мен семиотикаға байланысты көптеген ғылыми мақалалардың және де Болгарияда бірнеше рет басылып шыққан тоғыз кітаптың авторы. Христо Кафтанджиевтың Ресейде алты кітабы жарияланған. Профессор Х.Кафтанджиев – American Journal of Linguistics журналының бас редакторы.

Профессор Х. Кафтанджиев қазірдің өзінде біздің университетпен таныс, өйткені К.Орхидский атындағы София университетімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы желтоқсан айында студенттерге дәріс оқуға шақырылды.

Профессор Х. Кафтанджиевтың ғылыми, әкімшілік және практикалық қызметіндегі елеулі тәжірибесі ҚазГЮИУ халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықтың дамуында табысты болуы мүмкін.