Жаңалықтар

Жол жүруге арналған гранттарды алу үшін конкурс

Опубликовано 02.03.2017.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры

ЖАРИЯЛАЙДЫ:

Жас қазақстандық қайраткерлердің және шығармашылық ұжымдарының Қазақстан Республикасында және шетелде өткізілетін фестивальдарға, конкурстарға, симпозиумдарға, шеберлік сабақтарына, биненналелерге және конференцияларға қатысуы үшін жол жүруге арналған гранттарды алу үшін конкурс

Өтінім беру мерзімі: 2017 жылғы 1 ақпаннан 30 қарашаға дейін

Конкурсқа жасы 40-қа дейінгі жас қазақстандық мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ белсенді қызмет ететін шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының қаражаты есебінен мәдениет және өнер саласындағы іс-шараларға қатысу үшін жол жүруге гранттар бөлу ережесі

Байланыс: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Махатма Ганди, 10.

Телефондары: 8(727) 2700-579, 8(727) 2700-417

e-mail: stm@fpp.kz

Жол жүруге арналған гранттарды алу үшін конкурс