Жаңалықтар

Дайындық бөлімі тыңдаушыларымен кездесу

Опубликовано 15.03.2017.

«Информатика және математика» кафедрасында Моңғолия және Қытай мемлекеттерінен келіп, дайындық курсында білім алып жатқан тыңдаушылармен кездесу өтті.

14.03.2017 ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Информатика және математика» кафедрасында Моңғолия және Қытай мемлекеттерінен келіп, дайындық курсында білім алып жатқан оқушылармен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – кафедрадағы мамандықтар бойынша оқушыларға егжей-тегжейлі мағлұмат, бағыт-бағдар беру.

Кездесу барысында кафедра оқытушылары және 2-3 курс студенттері Кенжеғазин Думан, Қабікенов Тимур, Айткенов Еламан, Мұхитқызы Мейіз өз мамандықтары бойынша мәліметтер беріп, сол мамандықтың ерекшеліктері, қоғамдағы маңызы, университеттің тыныс-тіршілігі туралы ақпараттар беріп өтті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптарын алды.