Жаңалықтар

КазГЮИУ-дың Гуманитарлық факультетінде дәстүрлі Наурыз мерекесіне арналған «Нұрыңды төк, Ұлыстың ұлы күні» атты іс-шара өткізілді

Опубликовано 17.03.2017.

15.03.2017 ж. КазГЮИУ-дың Гуманитарлық факультетінде дәстүрлі Наурыз мерекесіне арналған «Нұрыңды төк, Ұлыстың ұлы күні» атты іс-шара өткізілді. Гуманитарлық факультет деканаты , Философия және саясаттану кафедрасы және Дайындық бөлімінің студенттерінің ұйымдастыруымен өткен шараға қадірлі қонақ ретінде шақырылған Оқу орнымыздың ректор аппаратының жетекшісі Құрманбаева Жанна Асылханқызы бастаған басшылары өздерінің сый-сыйапаттарымен, факультет декандары арнайы келіп, кафедра меңгерушілері.

Мереке шымылдығы факультет деканы филология ғылымдарының докторы Сейітова Шынар Ботайқызының алғы сөзімен, асқар тау ағаларымыздың батасымен ашылды.

Наурыз мерекесін ұлықтау барысында халқымыздың салт-дәстүрлерін насихаттайтын тұсау кесер, құда түсу, қыз ұзату сияқты кішігірім қойылымдар көрсетілсе, факультет студенттері және дайындық бөлімінің тыңдаушыларының ұлттық билерін паш етіп, әннен шашу шашты.

Мерекелік салтанатқа ерекше сән берген ұлтымыздың ұлттық тағамдарымен қоса, киіз үй жабдықтап, ортаның әрін ашты. Мереке соңында келген қонақтарымыз наурыз көжеден дәм татып, бір-біріне жақсы тілектерін білдіріп жатты.

Бұл шараның студенттер жастардның рухани жан-дүниесін , еліне деген, дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыруда мәні зор деп білеміз.