Жаңалықтар

КазГЮИУ-дің академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Опубликовано 27.03.2017.

КазГЮИУ студенттері көктем мерекесі Наурызды Польшада атап өтті.

2017 жылдың 22 наурызында КазГЮИУ студенттері Қаржы және басқару жоғары мектебінің Студенттер үйінде Наурыз мерекесін қарсы алды. Наурыз- қазақ халқының ғана емес, көптеген Азия халқының   бес мың жылдай тойланып келе жатқан дәстүрлі мерекесі. Наурыз- көктем мерекесі, жаңа жылдың басы, табиғаттың жаңарған кезеңі.

Біздің мақтан тұтар студенттеріміз қазақ халқының ұлттық тағамдары: наурыз көже, бауырсақ, бешпармақ, талқан дастарханға жайып, «жұмбақ-жарыс», «көтермек» сияқты қазақтың ұлттық ойындары ойнап, шетел студенттеріне қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттады.

Барлықтарыңызға  бірлік-береке, табыс, ал студенттерге оқу жылын сәтті аяқтап, үлкен жетістікпен оралуын тілейміз!