30 наурыз 2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті әскери кафедрада жалпы саны төрт Д-30 гаубица артиллериялық қару-жарағын жеткізу жүзеге асырылды.
Жеткізілген қаруды орналастыру профессорлық-оқытушылық құрамның жіті бақылауымен әскери кафедраның бірінші курс студенттерімен жүргізілді. Сонымен қатар студенттер жылжымалы тағаннан техника мен қаруларды түсіріп орналастыру тәжірибесінен өтті.
Жеткізілген қару-жарақтарды тиеп түсіруде әскери кафедраның техникасы қолданылды. Автомобильді техниканы сақтау мен пайдалану үшін жауапты тұлғалар оны сақтаудан шығарып, пайдалану үшін дайындады.
Қару-жарақты жылжымалы тағаннан түсіру процессі әскери кафедраның офицерлерімен ширақ үйлестіре жүргізілді, соның арқасында техниканы қаруландыруды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол берілген жоқ.
Осылайша әскери кафедраның оқу-материалдық базасы Д-30 гаубицасының төрт бірлігімен толықтырылды, бұл артиллерия бөлімдерінің әскери жұмысы бойынша артиллерия циклінде студенттермен өткізілетін сабақтардың сапасына септігін тигізетін болады.