ЖаңалықтарРепетиторлық мектеп

КазГЮИУ-де ШҚО мектеп және колледж оқытушылары біліктілікті көтермелеу курстарын өтті

Опубликовано 05.04.2017.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты Репетиторлық мектептің базасында 2017 жылдың 27 наурызы мен 5 сәуірі аралығында «Жаңарту шеңберінде тарихты оқытудың инновациялық технологиялары» модулі бойынша 72 сағат көлемінде колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Курстарды репетиторлық мектептің директоры Л.М. Жампеисова өткізді.

Оқыту барысында Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы оқытудағы инновациялық технологиялар талқыға түсті.

Курстың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру. Дәріс беруші әртүрлі интерактивті ойындар, пікір-талас, даулы мәселелерді талдау сияқты әдістерді қолданды.

Курсқа ШҚО мектеп мұғалімдері және колледж оқытушылары тыңдаушылар ретінде қатысты.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.