Жаңалықтар

ШҚО мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен біліктілікті көтермелеу курсын өтті

Опубликовано 05.04.2017.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты 2017 жылдың 27 наурызынан 5 сәуірі  аралығында «Жаңарту шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда инновациялық технологияларды дамытудың әдіснамалық тәсілдері» модулі бойынша колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті жоғарлату курсын өткізді.

Курсты университетіміздің тәжірибелі оқытушысы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Н.Қ. Тлебалдина өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытуда мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру табылады.

Курсқа ШҚО мектептері мен колледждерінің қазақ тілі мұғалімдері мен оқытушылары қатысты.

Курсты оқыту барысында ролдік ойындар, даулы сұрақтар және инновациялық технологиялар кеңінен қолданылды.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.