Опубликовано 17.04.2017.
15-16 сәуір аралығында Семей қаласының «Тарлан» спорт кешенінде ММА Номад түрінен Қазақстан чемпионаты өтті. Университет атынан 6 спортшы қатысты. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Кырыкбаев Айдос және «География» мамандығының 3 курс студенті Исабаев Аслан Қазақстан республикасының ММА Номадтан чемпиондары атанды. Жаттықтырушысы қолданбалы биология кафедрасының аға оқытушысы: Саельдинов С.С.