Жаңалықтар

Аға буын дәстүрін жалғастыра

Опубликовано 20.04.2017.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 25 – жылдық мерей тойына байланысты «Продолжая традиции старших поколении» деген атпен кітап жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесері Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде өткізілді.

Жаңа жинаққа КазГЮИУ-дің әскери кафедрасында білім алған студенттер жайлы және бозбалалар мен бойжеткендердің әскери – патриоттық тәрбиелері туралы тарихи мақалалар енгізілді.

Осы кітаптың авторы профессорлық оқытушылар құрамы, университет қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, жергілікті әскери басқарма қызметкерлері, ҚР Қарулы кештерінің белсенді ардагерлері және жас ғалымдар мен жас белсенділер.

Бұл кітаптың жарық көруі атқарылған әскери-тәрбие жұмыстарының есеп беруі десе болады. Құрылғанына аз уақыт болғанымен, әскери кафедра он патриоттық тәрбие беруде үлкен істер атқарды.

Кітаптың жарық көруіне ат салысқан тұлғалардың айтуынша, жаңа кітаптың шығуы Қазақстанның рухани орталығы ретінде біздің қаламызды танытудың тағы бір жолы.