Жаңалықтар

КазГЮИУ-де халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті

Опубликовано 20.04.2017.

2017 ж. сәуір айының 6-7 күндері Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінде «Жаһандық бәселекестік: заманауи білім мен технологияларға концентрация» тақырыбында халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.

Мақсаты: жаһандық бәсекелестіктегі жаңа білім мен технологияларға сүйену маңыздылығы туралы көзқарасты қалыптастыру.  

Қазақстанда ғылым мен білім берудің сапасын жоғарлату басты назарда.  Ғылым мен білім беру процесі интерграциясының маңыздылығын Елбасымыз жыл сайынғы халыққа жолдауында ерекше атап өтеді.. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «біз ғылым дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндетті»екенімізді айтады. Ғылым дамуында жастар маңызды рөл атқарады, өйткені жастар қоғамның прогрессивті бөлігі мен мемлекет дамуының келешегін айқындайды.

Пленарлық отырыста КазГЮИУ проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Х.Матаева университет басшылары мен конференция ұйымдастырушылары атынан студенттерді қошаметтеді.  Білім беру мәселелері адамзат дамуымен, сондай-ақ қоршаған орта дамуымен байланысты екенідігі туралы, Қазақстанның модернизацияның үшінші кезеңіне өткенін және жоғарғы оқу орындарының алдына қойылған мақсаттары туралы айтты. Бұл жоғарғы оқу орындарының негізінде ғылыми және инновациялық әлеуетті дамытумен қатар студенттердің жоғарғы оқу орындарының ғылыми зерттеулеріне белсенді қатысуды көздейді.

Бүгінгі студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы КазГЮИУ студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды бөлшегі.  Алғышқы рет конференция 1998 жылы өткізілді, содан бері КазГЮИУ ғылыми- білім беру процесінің ажырағысыз бөлігіне айналды және қатысушылары санынан ШҚО ең ірі студенттік іс-шара болып саналады.

Конференцияның басты мақсаты- студенттерді ғылымға тарту, жастардың білім беру бағдарламаларынан тыс, жаңа ғылыми білімге қызығушылықтарын арттыру. Студенттер баяндамалардың нәтижелерінде туындаған пікір талас арқылы тәжірибе алмасады.

Проректор конференцияның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі.

Конференция жұмысының басты бағыттары:

– Қаржы және есеп: өсу және даму

– Экономика  және басқару: мәселелері мен келешегі

– Қазіргі заман контексіндегі  психологиялық білім: теория және практика.

– Қазіргі заман контексіндегі педагогикалық білім және практика

– Мемлекеттік- құқықтық институттарды жетілдірудегі құқықтық механизімдер.

– Қазіргі жағдайдағы жекеқұқықтық қарым- қатынасты реттеудің өзекті тенденциялары

– Қылмыспен күресудің қылмыстық-құқықтық, криминологиялық, құқықтық- процессуалды және криминалистикалық аспектілері (теория және практика).

– Тарих және география ғылымдарының өзекті мәселелері

– Мәңгілік ел және мемлекеттілікті нығайтудағы жастардың рөлі.

– Қазіргі заман  филологиясының мәселелері: зерттеулер мен болжаулар

– Жастар және ғылым: инновациялық ғылымдар дамуының өзекті мәселелері

– Биотехнологияның басты ғылыми бағыттары: теориядан практикаға.

Конференция жұмысына қатысуға жалпы 500 адам тіркелді. Қатысушылардың арасында Қазақстанның көптеген қалаларынан, жақын шетелден, нақтырақ айтқанда, Кемеров, Новосибирск қалаларынан серіктес жоғарғы оқу орындарының студенттері және біздің қаламыздың студенттері (Шәкәрім атындағы университет) бар.  Пленарлық отырыста студенттер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сөз сөйледі.

Қатысушылар конференция жұмысы туралы өз ойларымен бөлісті: «Конференция өте қызықты болды, баяндамалар Қазақстан нарығының мәселелерін және оны шешу жолдарын айқын көрсетті»

«Баяндамалар оқытушылар, жас ғалымдар және студенттерді қызықтырып, белсенді талқылауға түсті» ;

«Конференция қатты ұнады, берілген уақыт қатаң сақталды, сондықтан баяндаушыларға деген қызығушыл ық бәсеңдеген жоқ»

Көптеген қатысушылар конференцияның келесі жұмысына қатысу ниеттерін білдірді.

Секция төрағалары баяндамаларда көрсетілген мәселелердің кең ауқымдылығын және жас ғалымдар мен студенттер өткізген зерттеулердің жоғарғы деңгейін атап өтті. Барлық баяндамалар өзектілігімен және материалды еркін меңгеруімен ерекшеленді. Секцилардың әр қайсысында қатысушылардың қызығушылығы, белсенді сөз талас және баяндамаларда көрсетілген мәселелерді шешу жолдарын ұсынуды атап өтуге болады.

Конференцияның жабылуында қатысушыларға ең жақсы баяндамалар үшін дипломдар мен сертификаттар берілді. Жеңімпаздарға университет атынан бағалы сыйлықтар мен университет логотипі бар кәдесыйлар берілді.

Конференция ұйымдастырушылары мен қатысушылары серіктес жоғарғы оқу орындарды, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттерін белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып келешектегі жемісті ынтымақтастыққа сенеді.

Жеңімпаздар тізімі қосарланады.

Ең жақсы баяндамалардың ғылыми жетекшілері: б.ғ.к.- К.А. Тазабаева; экономика ғылымдарының магистрі – Е.О.Шойбакова; аға оқытушы- Г.Б. Иманбекова; аға оқытушы- А.А. Лекерова; з.ғ.к.- К.К. Тастекеев; з.ғ.к.- Е.К. Утебаев; Г.Т. Медетбекова; с.ғ.к.- А.М. Рахимова; заң ғылымдарының магистрі- Е.Н. Байгундинов; Ұ.Қ. Жанғалиев; т.ғ.к.—Ф.К. Қайырханова; аға оқытушы- Г.М. Ашимова; ф.ғ.к.- Ш.Б. Сейітова; п.ғ.к.- Г.Е. Берикханова; б.ғ.к.- Р.Ж. Байгапанова.

ЖҮЛДЕГЕРЛЕР