Жаңалықтар

Акция: «Ұлттық өнімді тұтын» !!!

Опубликовано 24.04.2017.

Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің, қолданбалы биология кафедрасының студенттері “Отандық өндіріске үлес қос, Қазақстандық өнімді тұтын” атты акция өткізді. Акцияға ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенттері, сондай-ақ заң факультетінің студенттері қатысты.

Биотехнология мамандығының 2- курс студенттері Әлібек Аслан, Тұрсынбек Алия отандық өнімді қолдауға шақырған акцияның маңызына тоқталды. Акцияның негізгі мақсаты адам ағзасына пайдалы, таза табиғи өнімдері негізінде өндірілген, Қазақстандық тағам өнімдерін тұтынуға шақырды.

Университетте биотехнология мамандығына арналған «Жасушалық биотехнология секторы», «Органикалық және бейорганикалық химия секторы», «Тағам биотехнология секторы», «Микробиология және вирусология зертханасы» және т.б. бірнеше лабораториялар жұмыс істейді.

Барлық лабораториялар спектрофотометр Uviline, КФК 5М фотометр, электрофорез «Капель 105 М», анализатор «Инфра ЛЮМ ФТ-10», ферментер тәрізді құралдармен жабдықталған. Студенттердің зертханалық жұмыстарында табиғи өнімдерді анықтауда pH-метр, Буркфильд вискозиметрі, рефрактометр, поляриметр Polax – 2L т.б. құралдарын қолданады. Мысалы, лабораториялық жағдайда шараптардың және құрамында спирті бар шырындардың құрамын анализатор «Колос-2», сүт өнімдерінің құрамын анализатор «Лактан» құрылғылары арқылы анықтай алады. Климаттық камера HHP және APT.line KBW камерада студенттер өсімдіктерді клетка және ұлпалары арқылы өсіру бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Жоғарыда аталған құрылғыларды пайдалана отырып, студенттер Қазақстанда шығарылатын тағам өнімдері табиғи шикізаттардан жасалатындығын және адам ағзасына пайдалы жақтарын көрсетті.

Акцияның соңында студенттер барлық Қазақстан тұрғындарын тек Қазақстанда өндірілген өнімдерді тұтынуға шақырды. Сонымен, акцияның соңында студенттер Қазақстан өндірушілерін қолдауға және отандық өнімді тұтыну арқылы халықты өз денсаулықтарын сақтауға шақырды.