Жаңалықтар

Халықаралық аға эксперт қызметінің (SES) эсперт-волонтері Петер Рыбарчук КазГЮИУ-де

Опубликовано 28.04.2017.

27.03.2017-14.04.2017 ж. КазГЮИУ Информатика және математика кафердрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы Халықаралық аға эксперт қызметінің арнайы шақырылған эсперт-волонтері (SES) Петер Рыбарчук ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша Информатика және математика кафедрасының профессор оқытушалар құрамына интерактивтік сабақтар өткізу мақсатымен болып қайтты.

Петер Рыбарчук – халықаралық аға эксперт қызметінің эсперт-волонтері, электротехника және информатика оқытушысы. Оқу жоспарын құрастыру, дайындау, жоспарлау және сабақтарды өткізу бойынша үлкен тәжірибесі бар. Ақпараттық технологиялардан Сауд Арабиясы, Мысыр, Индия және Индонезияда сабақ өткізу тәжірибесі мол.

Бұл Петер мырзаның Қазақстанға екінші рет келуі. Қазақстан жайлы, қала және ЖОО туралы әсері жақсы.

ЖОО өткізген үш апта ішінде профессор оқытушылар құрамы үшін сабақтар презентациялық және ойын түрінде өткізілді. Курсты аяқтағаннан кейін оқутушылар тест тапсырды, үмітті ақтайтындай нәтиже көрсетті.

Эксперт П. Рыбарчуктің ұсыныстарын қарастыру мен қорытындылау үшін 14.04.2017 ж. оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор К. С. Жарыкбасова, стратегиялық дамыту жөніндегі проректор Д. А. Жампеисов,  ақпараттандыру бөлімінің бастығы В.П.Линник, білім беру бағдарламасының интернационализациялау орталығының өкілдері А.А. Мусабаева, Р.Р. Губайдуллин кездесу өтті.

Кетер алдында Рыбарчук мырза өз алғысын айта отырып, пікірін білдірді: «Бұл менің Қазақстанға екінші рет келуім. Сіздердің қалаларыңыз өте әдемі, халқы қонақжай және бауырмал. Маған сіздердің ЖОО және оқытушыларыңыз өте ұнады. Сабақтарымды сүйсіне жүргіздім. Тағы бір мәрте келуіме мүмкіндік туса деген үміттемін».

2